Cleaning of heat distribution tubes by electrohydraulic method from solid wasteстатья из журнала
Аннотация: Мақала жылуалмастырғыштарды ұзақмерзімді пайдалану барысында құбырлардың жəне құбыр түйіндерінің ішкі беттерінде қақ қабаттарын құрайтын шөгінділерді тазалау əдісіне арналды. Қатты қақтар жылуалмасу үдерісінің тиімділігін айтарлықтай төмендететіндіктен, оларды тазалаудың əдістері қарастырылды. Құбырларды қақтан тазарту мəселелерін шешу үшін жабдықтардың əртүрлі түрлері қолданылуда. Олардың барлығында қолданылуына байланысты өз ерекшеліктері мен шектеулері бар. Өз тəжірибемізде жылуалмасу жабдығын тазалау бойынша барлық пайда болатын өндірістік міндеттерді шешетін жалғыз əдіс жоқ екеніне көзжеткіздік. Аппараттар мен құбырларды тазалауға арналған жабдықтың əрбір түрін кезектей қолданғанда қойылатын міндеттерді шешуге мүмкіндік туындайды. Жылуалмасу бетіндегі қатты қалдықтарды тазалауда қолданылатын жаңа əдістердің бірі — электргидравликалық əдіс. Электргидравликалық қондырғыны əзірлеу кезінде басты назар жылу алмастырғыштарды жоғары беріктіктегі қақтан тазарту мүмкіндігіне аударылды. Сондай-ақ осы жабдықты құру кезінде қондырғының ықшамдылығы, технологияның қауіпсіздігі, шығын материалдарын барынша аз пайдалану маңызды критерий болды. Электргидравликалық əдіспен жазық құбырларды тазалау кезіндегі параметрлер ұсынылды. Тəжірибе нəтижелері ғылыми жəне практикалық тұрғыдан қызығушылық тудырады. Ұзақ жəне үздіксіз жұмыс кезінде жұмыстық электрод пен оның оқшауламасының қысқаруына байланысты полиэтиленмен оқшауланған мысты өзекшелі электродтың өлшемдеріне байланысты тиімді параметрлері таңдалды. Электрогидравликалық қондырғының бірегейлігі ол жоғары беріктіліктегі қатты қалдықтарды тазалауға қабілетті, ал бірқатар жағдайларда толық бітелген құбырларды тазалауға мүмкіндік береді.
Год издания: 2019
Источник: Bulletin of the Karaganda University Physics Series
Ключевые слова: Coal Combustion and Slurry Processing, Hydraulic and Pneumatic Systems, Electric Power Systems and Control
Открытый доступ: diamond
Том: 93
Выпуск: 1
Страницы: 67–72